050051, Қазақстан Республикасы, Алматы, Самал-2, 105-үй, 4-кеңсе +7 (775) 007 48 55

і-Мұрағат: зияткерлік мұрағат

i-Мұрағат — қуатты құрал, ол сіздің құжаттар мен ақпараттарды басқару процесіңізді жетілдіреді. Нәтижеліліктегі артықшылығы сіздің компанияңызды бәсекеге айтарлықтай қабілетті етеді.
Құжаттарды басқару мен сақтауды аутсорсингке беріңіз. i-Мұрағат құжаттамаларды басқару жөніндегі кәсіби жүйе, сізге компанияның ішінде мұрағатты ұстау, қызметкерлерді оқыту, құжат айналымының құрылымын жасау шығындарын қысқарта отырып, құжаттарды жеңіл, тез, қауіпсіз және тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Барынша үлкен көлемде компания тиімділікті арттыру үшін аутсорсингтік қызметті пайдаланады.
Қауіпсіз қоймадағы құжаттар мен деректердің құпиялылығын сақтаңыз. Заң сізді клиент деректерін, қаржылық және заңдық ақпараттарды, сондай-ақ жеке құрам бойынша деректерді сақтауға міндеттейді.
ОСГ сізге құжаттарды сақтау, мұрағатты, құжаттар тізбесін жасақтау және оларды өңдеу мерзімі бойынша сараптамалық ұсынымдар береді. Біздің білікті мұрағатшылардың көп жылдық, оның ішінде мемлекеттік мекемелерде жұмыс тәжірибесі бар.
Құжаттарды і-Мұрағаттың көмегімен жеңіл басқарыңыз: құжаттарды офиске жеткізуге, құжаттарды сканерлеуге, құпия түрде жоюға, электронды мұрағат жасауға және ұйымның тиімді жұмысы үшін басқа да кәсіби мұрағаттық қызметтерге тапсырыс беріңіз.
і-Мұрағатпен жұмыс бастау жеңіл, интерфейс жүйе ыңғайлы. Сіз және сіздің қызметкерлеріңіз күнделікті жұмыста і-Мұрағаттың дана шешімін бірден пайдалануды жеңіл бастай аласыздар.
ОСГ – Ресейдегі және ТМД елдеріндегі мұрағаттық индустрия көшбасшысы. Жоғары халықаралық стандарттар, индустриядағы жұмыс тәжірибесі, Ресейдегі және ТМД-дағы ең дамыған желі ОСГ-ны №1 таңдау етеді.

i-Мұрағат

Сіздің мұрағатыңыз көп орын алады, қымбатқа түсті, ал құжаттарды табу қиын ғой? Онда офистегі құжат айналымын жеделдету, жайдағы шығынды төмендету,

қызметкерлердің уақытты босқа жұмсауын қысқарту, құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және өзінің саласында тез, ыңғайлы, технологиялық даму үшін жаңа қондырғылар мен кеңселік құралдарды сатып алудан бас тарту үшін заманауи зияткерлік мұрағат технологиясына қосылудың ең қолайлы кезі. ОСГ-да сақтаудың заманауи жүйесі сіздің ісіңізді сақтай отырып, құжаттардың ішіндегі деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.

i-Мұрағаттағы жұмыс

і-Мұрағат технологиясына қосылғанда, сіз қағаз құжаттарды ОСГ-ға сақтауға бере аласыз. Құжаттар кәсіби мұрағаттық қоймада болғанда, ОСГ қызметкерлері құжаттарды жинауға, индекстеуге, тасымалдауға және тікелей құпия сақтауға тыңғылықты қарайды. Әрбір құжат туралы ақпарат – оның орналасқан жері немесе ауыстыру – құжаттарды ауыстырудың әрбір кезеңінде тіркеліп, RSSQL деректер базасында сақталады. Біз сіздің қорабыңыз бен құжаттар бар файлдардың қайда екендігін қашанда нақты білеміз. Құжаттарды і-Мұрағат технологиясының көмегімен офистен тыс сақтауға бергенде, сіз мұрағатқа сақтауға берілген құжаттарды жеңіл басқара аласыз, қызметкерлер еңбекақысын және мұрағатқа қызмет көрсету қондырғыларын үнемдейсіз, өзіңізді қазіргі заманғы, қағаз тасымалдағыштан бос офистегі жұмыспен қамтамасыз етесіз.
Біз клиенттер үшін жаңа зияткерлік мұрағат жасау құнын есептеудің икемді жүйесін қолдаймыз. Міндеттер көлеміне қарамастан, біз табысты ынтымақтастыққа сенеміз және жоғары класты сервиске кепілдік береміз.

ОСГ-ның жеке автомобиль паркі бар. Сіздердің құжаттарыңыздың мұрағатын ОСГ-ның кәсіби мұрағаттық қоймасына сенімді және қауіпсіз көшіреміз. ОСГ автомобиль паркі тарихи маңызды құжаттар үшін қажетті температурадағы автомобильдермен жабдықталған. Құжаттарды қабылдаған кезде ОСГ қызметкерлері құжаттарды арнайы мұрағаттық қорапқа буып-түйеді, әрбір сақтау бірлігін тіркейді және сіз өзіңіздің құжаттарыңыздың і-Мұрағатта болу мәртебесін бірден көре аласыз.

Кез-келген жерде кез-келген құрылғыда

Офисте құжаттарды әріптестер мен бөлімдер арасында іздеуді өткенге қалдырыңыз. ОСГ-мен бірге алға жылжыңыз. Енді сізге қажетті құжатты барлық офистік есептеу жүйесінен іздеуге немесе басқа бөлімдердегі әріптестерге сұрату жолдауға көп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Енді сіздің і-Мұрағатқа тәулік бойы мүмкіндігіңіз бар, ал оған қандай құрылғыдан кіруді және тінтуірді бір шертумен файлдарды табуды – сіз шешесіз (i-Мұрағат интерфейсін қараңыз).
Сіз қызметкерлердің жұмыс өнімділігінің қалай артқанын тез байқайсыз.

Негізгі сөздер бойынша іздеу және тез қалпына келтіру

і-Мұрағатта қарастырылған негізгі сөздер бойынша іздеу функциясы сіздерге белгілі еске түсіретін сөздер бар файлдарды іздеуге мүмкіндік береді. Егер сіздерге түпнұсқа қажет болса, жай ғана онлайн-тапсырыс ресімдеңіз. Штрих-код технологиясы орналасқан жерді жедел анықтауға, ал ОСГ курьерлеріне құжаттаманы сіздердің офистеріңізге жеткізуге мүмкіндік береді. Әрбір әрекет тіркеледі, сондықтан сіз әрбір файлдың қайда екенін және оны соңғы кім пайдаланғанын үнемі білесіз. і-Мұрағатқа өткенде сізге қызметкерлеріңіздің жұмыстан шығатыны немесе демалысқа кететіні туралы енді ешқашан алаңдамауға болады.

Құжаттардың скан-көшірмелеріне тапсырыс беру

ОСГ қызметкерлері қағаз құжаттарды цифрлайды және оларды сіз үшін қажетті е-Мұрағат форматында сақтайды, бұл кез-келген уақытта, кез-келген құрылғыдан скан құжаттарға мүмкіндікті жеделдетуге мүмкіндік береді. Деректерді беру қауіпсіздігі құрылғы мен серверді тек егер сертификат сервері әлемдік стандартқа сәйкес келгенде ғана қосуға жол беретін SSL хаттамасын пайдалануды қамтамасыз етеді. Мұндай SSL хаттамасын банктер өздерінің төлем жүйелерінде кеңінен пайдаланады.

Құжаттарды сақтау сенімділігі

Қауіпсіздікті, өртке қарсы қорғауды және климатты бақылауды қамтамасыз ету жүйесі ОСҚ қоймаларында жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Иесіз қалған құжаттарды сақтау технологиясы, мұрағаттың ішіндегі құжаттарды тіркеу, бақылау мен басқару процесі құжаттарды құпия түрде сақтау жүйесінің кәсіби бөлігі болып табылады.
Біз мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар, бөлшек сауда саласындағы телекоммуникация саласындағы, туристік бизнес саласындағы, банк секторындағы, қызмет немесе мұнай өнеркәсібі саласындағы көшбасшылар үшін жоғары сапалы сервисті қамтамасыз етеміз және табысты жұмыс істейміз. Сіз сіздің компанияңызға керемет келетін шешімді табатынымызға сенімді бола аласыз.

Артықшылықтан рахаттаныңыз

Сіздің құжаттармен жұмысыңыздың енді жаңа – кәсіби деңгейде құрылғанымен құттықтаймыз! Сіз офис қағаздарынан босадыңыз – өз табысыңыз үшін бос орынды пайдалыныңыз! Сіз құжаттарды іздеу уақытынан босаттыңыз – кез-келген құжатты і-Мұрағат зияткерлік жүйесінің және құжаттардың кәсіби тізбесінің көмегімен оңай табасыз. Сіз құжаттардың сақталуына және деректердің құпиялылығына алаңдамайсыз және құжаттарды сақтау, есепке алу, басқару мен беру туралы заңнаманың көптеген талаптарын сақтайсыз.

i-Мұрағат қалай жұмыс істейді

1.

Сараптамалық қорытынды алыңыз
ОСГ мұрағатшысы сізде бар құжаттар түрін, сіздің мұрағатыңыздың көлемін анықтау үшін келісілген уақытта келіп, сізге оларды сақтауға берудің алдында қандай құжаттармен мұрағаттық жұмыстар жүргізу керектігін айтып береді. ОСГ – құжаттарды басқару сарапшысы және оларды сізге және сіздің бизнесіңізге табыс әкелетін кәсіби мұрағатқа айналдыру үшін қандай құжаттармен жұмыс жасау керектігін нақты білеміз.

2.

Құжаттарды ОСГ-ға беріңіз
Сіздің өтініміңіз бойынша сіздің құжаттарыңызды бағалағаннан кейін ОСГ қызметкерлері құжаттарды арнайы мұрағат қорапшасына буып-түйеді және курьерлер құжаттарды арнайы жабдықталған құжаттарды мұрағаттық өңдеу, сипаттау және сканерлеу үшін Деректерді өдеу орталығына апарады.

3.

Өзіңіздің құжаттарыңызды кәсіби сақтаңыз
Құжаттарды өңдегеннен және оларды құжаттарды тасымалдау мен сақтау үшін арнайы жасалған мұрағаттық қорапшаларды буып-түйгеннен кейін біз құжаттарды кәсіби мұрағаттық қоймаға орналастырамыз. ОСГ құжаттарды Ресейдің барлық қалаларынан бүкіл Ресейде – Калининградтан бастап Петропавловск-Камчатскіге дейін орналасқан кәсіби мұрағаттық қоймаларда сақтайды.

4.

Өз мұрағатыңызды жеңіл басқарасыз
Сіздердің құжаттарыңыз жүйеленген, буып-түйілген және ОСГ-ның мұрағаттық қоймаларында орналастырылған. Сіздердің құжаттарыңыз Біздің көмегімізбен құрылымдалған мұрағатқа айналды, оны і-Мұрағат зияткерлік жүйесі арқылы басқару жеңіл. Сіз құжаттарды мұрағаттан офиске жеткізуге тапсырыс бересіз және құжаттарды мұрағатқа беруді ресімдейсіз, құжаттарыңыз үшін мұрағаттық өңдеу қызметіне немесе ОСГ қоймасындағы кез-келген мұрағаттық қорапшадан кез-келген құжаттың скан-көшірмесін алуға тапсырыс бересіз.

5.

Сенімділікке ие боласыз
Өзіңіздің і-Мұрағат – зияткерлік мұрағат кабинетінен сіз өзіңіздің тапсырыстың орындалу мәртебесін көре аласыз, мұрағатта қандай қорапша екендігін, сіздің қандай тапсырысыңызбен офиске жеткізілгенін тексере аласыз, сіз ОСГ-ға сақтауға беретін қорапты көре аласыз және сипаттама енгізе аласыз. Біз сізге сіздердің құжаттарыңызбен барынша ыңғайлы және қарапайым жұмыс істеу үшін біздің мұрағатшылардың тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, құжаттардың кәсіби тізбесін жасауды ұсынамыз.

6.

Мүмкіндікті масштабтаңыз
Өзіңіздің өңірлік офистеріңізді, оқшауланған бөлімшелеріңізді құжаттарды басқарудың і-Мұрағат зияткерлік жүйесіне қосыңыз. і-Мұрағатты қауіпсіздік саясатына және сіздің компанияңыздың ішіндегі құжаттарға иерархиялық рұқсатқа сәйкес сіздің ұйымыңыздағы пайдаланушыларға бағыттаймыз. Мысалы, кадр бөлімінің құжаттары тек кадрлық департамент, ал сатып алулар жөніндегі құжаттар – бухгалтерия және сатып алулар жөніндегі бөлім қызметкерлерінің тапсырысы үшін ғана қолжетімді.
Сұратуды қазір жасаңыз

i-Мұрағат қызметі бойынша пайдалы сілтемелер

ОСГ сайты келушілерге құжаттар мен ақпараттарды басқару мәселелерін түпкілікті зерттеу мүмкіндігін ұсынады. Сілтемелерді пайдаланыңыз немесе біздің Басшылық және нұсқаулық бөліміне кіріңіз.

Компания туралы көбірек біліңіз

ОСГ-ға бүгін хабарласыңыз

Өз арманыңызды іске асырыңыз! Консультантқа қоңырау соғыңыз: +7 (775) 007 48 55

    Рахмет! Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді. Біз сізге жақын арада жауап береміз.
    ОСГ Рекордз Менеджмент +7 (775) 007 48 55.