050051, Қазақстан Республикасы, Алматы, Самал-2, 105-үй, 4-кеңсе +7 (775) 007 48 55

IT-Мұрағат: компания құжаттарын бұлтты сақтау

Барлық желіні немесе құрылғының жекелеген топтарын резервтік көшіріп алуды жоспарлаңыз. Деректерді көшіру уақытын өз кестеңіз бойынша белгілеңіз. Сіз сондай-ақ сақтау мерзімін белгілей аласыз және e-mail арқылы табысты аяқталғаны туралы хабарлама ала аласыз.
IT-Мұрағат деректердің резервтік көшірменің ең төменгі көлемін көшіреді, қағытпалауды орындайды, өткізу жолағындағы қажеттілікті қысқартады. Сіз сонымен бірге өткізу арнасын пайдалануды шектеуді өз ұйғарымыңызбен белгілей аласыз.
Резервтік көшіру файлдардың ақпараттың аз бөлігіне өзгеруін (құжаттарды ашуды қоса алғанда) бағалайды. Тұтас файлды жіберумен бірге тек өзгерген бөліктер ғана жөнелтіледі.
Сіз деректердің резервтік көшірмесін өз офисіңізден тыс сақтасаңыз, олардың жоғалу тәуекелін мейлінше қысқартасыз. ОСГ-да деректер әртүрлі дата-орталықта рналасқан әртүрлі серверлерге қайталанады.
Сізге енді магниттік тасымалдағыштардың сақталуы мен орнына алаңдаңдың қажеті жоқ. Деректерді тез қалпына келтіруде сізге қажеттінің бәрі – интернетке мүмкіндік.
Барлық деректер көшіру кезінде шифрланады және шифрланған түрде дата-орталыққа түседі, бұл оны беру және сақтау кезінде санаудан толық қорғайды.
Кез-келген жерде кез-келген құрылғыдан өзіңіздің онлайн есептік жазбаңызға жай ғана кіріңіз де, сізге деректерді қалпына келтіруге қажет кезеңді таңдаңыз.

IT-Мұрағат: компания құжаттарын бұлтты сақтау

Компания күн сайын жаңа деректер жасайды, мысалы, электронды хабарламалар, шоттар, есептер мен шарттар. Осы деректерді сақтау – ИТ-мамандардың тұрақты қамқорлығы. Егер Сіздің компьютерлік қондырғыңыз істемей қалса, ноутбугіңізді ұрлап кетсе немесе файлдар вирус жұқтырудан немесе хакерлік шабуылдан жоғалып кетсе не болар еді? Егер сіздің мұрағаттық таспаларыңыз су тасқыны немесе өрт нәтижесінде зақымдалса ше? Деректердің толықтай жойылуы үлкен салдарға әкелуі мүмкін. Деректерді резервтік көшірудің кешенді жүйесі осыған ұқсас төтенше және ең жоқ дегенде, жағымсыз оқиғаның туындамауына көмектеседі.

Толық қорғауды қамтамасыз етіңіз

IT-Мұрағат — бұл үзіліссіз кодтауды және деректерді шынайы уақыт режимінде ОСГ-ның арнайы серверіне беруді жүзеге асыратын инновациялық технология. Ақпаратты резервтік көшіру процесі өте тез жүзеге асырылады және толықтай автоматтандырылады. Бұл кез-келген заманауи ІТ-бөлімнің Төтенше жағдайлар салдарын жою жоспарына енгізуге болатын толық шешім.

Сервер: баптау және пайдалану жеңіл

ОСГ серверді ұсынады, ал Сізге тек өз ноутбугіңізге немесе жұмыс станциясына түсінікті бағдарламалық қамтамасыз етуді (БҚ) орнату ғана қалады. БҚ-ны Seagate еншілес компаниясы және деректерді қауіпсіз резервтік көшіру технологиясын әзірлеу бойынша әлемдік жетекші i-365 компаниясы әзірлеген. БҚ орналасқан жеріне және әртүрлі операциялық жүйелермен, оның ішінде Windows, Unix, Linux және Apple үйлесуіне қарамастан, компьютердің кез-келген көлемінде жұмыс істей алады.

ОСГ мен i-365 өңірлік технологиялық ынтымақтастығының арқасында біздің клиенттер тек қана резервтік көшіруге ғана емес, сонымен қатар барлық орналастырылған деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік беретін осы инновациялық технологияға эксклюзивтік мүмкіндік алады.

Ең жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кодтау

Резервтік көшіру серверін жай ғана күйге келтіру резервтік көшірмелерді жасау уақыты мен жиілігін, сондай-ақ деректерді сақтау мерзімін белгілеуге мүмкіндік береді. Сіз аз ғана минут ішінде өзіңіздің барлық мұрағатыңыздың көшірмесін жасай аласыз және әрбір операция есеппен айғақталады. Файлдарды үзіліссіз резервтік көшіру мүмкіндігінің арқасында мазасыз күндер мен ұйқысыз түндер артта қалады.

Таспалардан жылдам

IT-Мұрағат деректерді өңдеуге зияткерлік тәсілмен және автоматты резервтік көшіру жылдамдығымен айрықшаланады. Delta Pro™ жылдам сканерлеуге бейімделу технологиясы файлдарда (оның ішінде ашық құжаттарда) деректердің шағын бөлігінде өзгерістердің бар-жоқтығын тексереді. Сонымен бірге барлық файлды жіберу үшін жүйе тек өзгерген бөлікті ғана жібереді. Ол сондай-ақ оларды қысады, бұл берілетін ақпарат көлемін едәуір төмендетеді, осылайша ақпаратты резервтік көшіруді барынша жеделдетеді. Бұл процесс дәстүрлі таспада көшіруге қарағанда, барынша жылдам жүзеге асырылады. ІТ-Мұрағаттың арқасында Сіз бар деректердің қайталануынан қорғайды, айырып танудың зияткерлік жүйесі әрбір файлдың тек бір ғана резервтік көшірмесін жасауға мүмкіндік береді. Сақтауда алып жатқан көлемнің азаюы тиімділікті едәуір арттырады және мұрағаттың тазалағынын қамтамасыз етеді.

ТЕГІН СЫНАМА НҰСҚАНЫ тура қазір алыңыз және оның көптеген артықшылықтарын дербес бағалаңыз.

Ең жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кодтау

Барлық деректер Сіздің желіңіздің шегінен тыс шығып кеткенге дейін кодталады, соның нәтижесінде оларды беру және сақтау барысында оқу мүмкін емес. Файлдарды резервтік көшіру сіз өз ұйғарымыңыздағы кодтау алгоритмін таңдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады: мысалы, AES 128/256b, DES 56/112b немесе Blowfish 56/128b. ОСГ сервермен шифрланған қосылысты анықтау үшін SSL хаттамасын пайдаланады (деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету үшін онлайн-банкинге ұқсас технология қолданылады.). Сіз резервтік көшіруді ғана емес, сондай-ақ Сіз күйге келтіру барысында жасаған қауіпсізідктің бірегей кодының көмегімен деректерді қалпына келтіруді жүзеге асыра аласыз. Сіздің кодыңызды Сізден басқа ешкім иелене алмайды, тіпті ОСГ да.

ОСГ-да сақтау қауіпсіздігі қамтамасыз етілген

Деректерді резервтік көшіру осы мақсат үшін арнайы құрылған ОСГ-ның деректерді өңдеу орталығында орналасқан серверде қажетті ақпаратты қалыптастырады. Күшейтілген қауіпсіздік тәулік бойғы күзеттің, жануды анықтаудың жақсартылған жүйесінің , климатты бақылау жүйесінің, интернет-қосылыстың және апатты электрмен жабдықтау қауіпсіздігінің арқасында қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ Сіз офисіңізде өрт болғанда немесе төтенше жағдайда ақпараттың жоғалып кетуінен сақтандырылғансыз, сондықтан деректер одан алыста орналасқан.

Компанияның құжаттарды бұлтты сақтау қалай жұмыс істейді

1.

Клиент-бағдарламаны орнату
Сіз ОСГ-ның көмегімен көшірудің ыңғайлы схемасын жасауды шешкеннен кейін сіздің серверіңізге таңдауға әртүрлі бағдарламалық модульдер бар Evault Soft Agent клиент-бағдарламасы орнатылады. Бағдарламалық агентті орнатқаннан кейін, сіз ІТ-Мұрағат жүйесіне кіру бетіне көшесіз, мұнда өзіңіздің есептік дерегіңізбен кіресіз.

2.

Схеманы және көшіру графикасын күйге келтіру
IT-Archive – икемді және ыңғайлы жүйе. Сіз көшіру процесін сізге және сіздің жұмысыңызға ыңғайлы болатындай орнатасыз. Көшіру көлемін анықтаңыз – бұл компанияның бүкіл сервері, жеке сервер, компьютерлер немесе нақты қондырғылар топтары бар деректер болуы мүмкін. Деректерді көшіру уақыты мен мерзімділігін белгілеңіз.

3.

Көшіру түрін көрсетіңіз
Сіздің серверіңіздің тиімділігі үшін алаңдамаңыз. Seagate Evault технологиясының қолдауы өткізу жолағындағы қажеттілікті барынша қысқартады. Көшіруді күйге келтірген кезде көшіру үшін жай ғана сервердің аз жүктемесінің уақытын көрсетіңіз, өткізу арнасының сізге тиімді жолақ параметрін беріңіз және резервтік көшірменің кез-келген түрін қосыңыз: деректерді толық көшіру, дифференциалды немесе инкрементті көшіру.

4.

Деректерді шифрлеу
Сіздің серверіңізден көшірілетін ақпарат тек сізге ғана қолжетімді. AST шифрлеу алгоритмі деректерді берген кезде және оларды сақтаған кезде қорғауға кепілдік береді. Деректер ОСГ серверіне түскенге дейін шифрланады, мағынасын ашу тек сіздің уәкілетті қызметкеріңізге ғана мүмкін.

5.

Деректерді қалпына келтіру
Егер сізге деректерді қалпына келтіру қажет болса, сіз өз логиніңізбен және пароліңізбен ІТ-Мұрағат жүйесіне кіресіз де, сізге деректерді қалпына келтірудің қандай мерзімі мен қандай сервері қажет екенін таңдайсыз. Сіздің деректеріңіз ІТ-Мұрағатпен оттан, тасқыннан, қатты дискілердің табиғи зақымдалуынан толықтай қорғауда болады – көшірілген деректер әртүрлі дата-орталықтарда орналасқан әртүрлі серверлерге қайталанады. ОСГ-ның бүкіл сервері Ресейде болады, ол «Дербес деректер туралы» № 152 Федералдық заң талаптарына толықтай сәйкес келеді.

6.

Кәсіпқой мамандарды қолдау
ІТ-Мұрағат жұмысын көрсету үшін ОСГ мамандарын шақырыңыз және өзіңізге ОСГ-ның үш активі кешенінің осы бөлігін орнатыңыз, ол сізге сіздің деректеріңіз үшін алаңдамау бақытын береді. ІТ-Мұрағатты өз параметріңіз бойынша күйге келтіріңіз және демалыс алыңыз немесе бұдан да үлкен жобаларды бастаңыз – сіздің электронды деректеріңіз сенімді қорғалады. Сіздер үшін сондай-ақ техникалық қолдауды қамтамасыз етеміз.
Сұратуды қазір жасаңыз

Компания құжаттарын бұлтта сақтау бойынша пайдалы сілтемелер

ОСГ сайты келушілерге құжаттар мен ақпараттарды басқару мәселелерін түпкілікті зерттеу мүмкіндігін ұсынады. Сілтемелерді пайдаланыңыз немесе біздің Басшылық және нұсқаулық бөліміне кіріңіз.

Компания тарихы

ОСГ-ға бүгін хабарласыңыз

Өз арманыңызды іске асырыңыз! Консультантқа қоңырау соғыңыз: +7 (775) 007 48 55

    Рахмет! Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді. Біз сізге жақын арада жауап береміз.
    ОСГ Рекордз Менеджмент +7 (775) 007 48 55.