050051, Қазақстан Республикасы, Алматы, Самал-2, 105-үй, 4-кеңсе +7 701 506 90 94

Ақпаратты қорғау жөніндегі бағдарлама

ОСГ-ның ақпаратты қорғау жөніндегі бағдарламасы — құжатты құрған сәттен бастап ол жойылғанға дейінгі құжаттың барлық кезеңінде сіздің ақпаратыңызды қорғайды. Сіз үшін құжаттардың ұйым ішінде олар басып шығарылған сәттен бастап Мұрағатқа берілгенге дейінгі қозғалысының қауіпсіз алгоритмдерін құрамыз, құжаттардың құпия түрде жойылуын қамтамасыз етеміз, құжаттардың электрондық көшірмелерімен жұмыс жасау үшін қауіпсіз заманауи құралдар береміз.
ОСГ-ның заманауи дайын шешімдер сізге құжаттармен қауіпсіз жұмыстың үнемділігін береді. Сіз үшін біз 50-жылдық ақпаратты қорғау тәжірибесін, оқытылған қызметкерлерді, заманауи техника мен құрал-жабдықтарды үйлестіре білген шешімдерді құрып, инвестициялап та қойдық. Дайын шешімдерді бүгін пайдаланыңыз, біз сіз үшін инвестиция жасап қойдық.
Жеке деректерді қамтитын құжаттарды және басқа да ақпарат тасымалдағыштарды (дискілер, кассеталар, флешкалар және т. б.) сақтау кезінде рұқсатсыз қол жеткізуден қорғап, ақпарат тасымалдағышты қайта қалпына келтіру немесе ақпарат тасымалдағыштың ішіндегісін қалпына келтіру мүмкін болмайтындай әдіспен жою қажет. Біз сізге ұсынатын ақпаратты қорғау жөніндегі шешімдер заң талаптарына сәйкес жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Сіз үшін ендігі дайын тұрған, қағаз құжаттардағы ақпаратты қорғау жөніндегі шешімдерді өз кеңселеріңізге және клиенттерге қызмет көрсету нүктелеріңізге бір күнде оңай енгізуге болады. Заманауи аппараттық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, е-Мұрағат жүйесінде электрондық құжаттармен қорғалған жұмыс түрін ұсынамыз.
Ендігі 50 жыл бойы құжаттармен және ақпаратпен қауіпсіз, әрі қорғалған жұмыс бойынша қызмет көрсетіп келеміз. Бүкіл Ресей аумағында әртүрлі бизнес индустриясындағы ірі компанияларға сапалы қызметтер ұсынамыз.

Ақпаратты қорғау жөніндегі бағдарлама сізге ақпараттың құпиялылығын, бүтіндігін және жоғары қауіпсіздік жағдайында қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Ақпаратты қорғау жөніндегі бағдарламаның қалай жұмыс жасайтындығын беттің төменгі жағынан адымдап оқып шығыңыз.

Ұйымның ақпараттық қауіпсіздігі

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты: ақпараттық қауіпсіздік қауіп-қатерлерін жүзеге асырудан, деректерді жоғалтудан немесе ашудан, деректерді уақытынан тыс, жоспарсыз немесе заңсыз жоюдан не жойып жіберуден болатын залалды азайту, сондай-ақ ұйымның іскерлік беделі мен корпоративтік мәдениетін жақсарту бола алады.

Ұйымның сенімді ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тармақтарының бірі — компанияның ақпараттық қауіпсіздігі ұйымның әрбір қызметкерінің басты принциптерінің бірі болып табылатындай жұмыс процесін жасау. Қызметкерлерге жұмысында компанияның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орнатылған және күйге келтірілген, компанияның техникалық және материалдық жабдықтауларын жүйелі түрде пайдалануды үйрету оған қол жеткізуге көмектеседі.

Ақпараттың жайылуының кең таралған арналары

Егер қасақаналық пенен корпоративтік тыңшылықты алып тастасақ, ақпараттың жайылып кетуінің осал арналары: қызметкерлерің құжаттарды электрондық пошта арқылы сыртқы домендерге жіберуі және қағаз құжаттарды дұрыс пайдаланбауы болып табылады.

Біз сізге е-Мұрағаттың — электрондық құжаттарды басқару жөніндегі кәсіби жүйенің көмегі арқылы электрондық құжаттармен қауіпсіз жұмыс жасау әдістерін; және де қағаз құжаттармен қауіпсіз жұмыс жасау, сондай-ақ оларды құпия түрде жою бойынша қызметтер ұсынамыз.

«Ақпарат, ақпараттық технологиялар туралы және ақпаратты қорғау туралы" №149 ақпаратты қорғау туралы ФЗ ұйымдарға ақпаратты, соның ішінде жеке деректерді қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндеттейді. Заңнаманы ұстану және өзіңді заңмен жағымсыз талқылаулардан, сондай-ақ ықтимал қаржылық шығындардан және беделді жоғалтудан қорғау үшін ОСГ-ның қағаз және электронды құжаттармен жұмыс жөніндегі сенімді шешімдерін пайдаланыңыз.

Ақпараттарды қорғау жөніндегі бағдарлама

Құжаттар – бизнестің негізгі құраушысы. Компанияны ақпаратының жария болуынан қауіпсіздендіру үшін

Сіз үшін осы міндеттердің дайын шешімдері бар. ДОУ департаментінің мамандары құжаттарды тіркеу және индекстеу, құжаттарды компанияның ішінде маршруттау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді, олармен жұмыс жасай отырып, сіз құжат мұрағатқа берілгенге дейін онымен кімнің және қашан жұмыс жасағанын нақты білетін боласыз.

Құжаттарды бүкіл Ресей бойынша ОСГ Мұрағаттарында сақтау сіздің құжаттарыңызды сенімді қорғайды, және сіздің ақпараттыңызды құпия түрде сақтайды, құжаттарыңызды физикалық қорғайды және сізге кез-келген мөлшердегі құжаттарды оңай, әрі қауіпсіз басқаруға мүмкіндік береді.

Құжаттармен жұмыс жасау үшін біз сізге арнап е-Мұрағатты — электрондық құжаттарды басқару жөніндегі заманауи және кәсіби жүйені жасаймыз. е-Мұрағатқа қолжетімділік заманауи аппараттық әдістермен және құралдарымен қорғалған, деректер Ресейдегі бөлініп қойылған серверлерде сақталады — толық қауіпсіздік пен заңдарға сәйкес келушілік.

Құжаттарды құпия түрде жою заң бойынша сақтау мерзімі өтіп кеткен құжаттарға қолданылады. ОСГ құжаттардың арнайы өнеркәсіптік шредерде, 3 және сіздің құжаттарыңыздың типіне қарай одан жоғары деңгейде жойылуын қамтамасыз етеді.

Конфиденциальное уничтожение документов

Компанияның барлық құжаттары құпия болып табылады, өйткен олар корпоративтік ақпараттарды қамтиды. Мұндай ақпараттың жария болуы компанияға айтарлықтай беделдік және қаржылық залалдар әкелуі мүмкін. Сондықтан құжаттарды жойып жіберудің ең үздік шешімі — ОСГ-да құжатарды құпия түрде жою қызметі болып табылады.

Құжаттарды құпия түрде жою қызметінің артықшылықтары

Тіпті кеңселік қағаз жойғыштардың өзі сізді қызметкердің құжатты жәшікке салғырт тастай салуы қауіп-қатерінен құтқармайды. Кеңселік шредер қымбат тұрады, көп шу шығарады, үнемі тазалап отыруды қажет етеді, жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетуді талап етеді.

Құжаттарды макулатураға сату — құжаттарды жойып жіберудің ең қауіпті әдістерінің бірі болып табылады, өйткені бұл әдіс барысында құжаттар шредирленбейді, тек қана төрт бөлікке кесіледі. Құжаттарды макулатура ретінде сатып алатын мердігер деректердің құпиялылығы үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды және құжаттардың толық жойылуына кепілдік бермейді. Құжаттарды макулатураға сата отырып, сіз өзіңізді және ұйымды ақпараттың таралып кетуі қауіп-қатеріне, №152 «Жеке деректер туралы» ФЗ және №149 «Ақпарат, ақпараттық технологиялар туралы және ақпаратты қорғау туралы» бұзылуына ұшыратасыз.

Сіздің деректеріңіздің абсолютті құпиялылығына сенімді болыңыз — құжаттарды жою барысында өзіңіз қатысу үшін ОСГ Рекордз Менеджмент құжаттарды жою орталығына ОСГ барып көріңіз. Сіз сондай-ақ құжаттарды жоюдың бейнежазбасына тапсырыс бере аласыз.

ОСГ-да ақпараттарды қорғау жөніндегі бағдарлама. Ол қалай жұмыс істейді?

1.

Құжаттарды маршруттауды күйге келтіру
Құжат айналымы департаментінің мамандары сіздің қолданыстағы құжат айналымы сызбаңызға талдау жүргізеді, оларды өзгертуге ұсыныстар жасайды, болмаса сізбен бірге компаниядағы құжаттар қозғалысының бірінші немесе жаңа сызбасын құрастырады.

2.

Құжаттарды мұрағаттық сақтауға беру
Компания ішіндегі қол қоюдың және тіркеудің барлық кезеңдерінен өткен құжаттарды Мұрағатқа қауіпсіз сақтауға берген жөн. Құжаттарды Мұрағатқа берердің алдында құжаттарға мұрағаттық өңдеу жүргізуді ұсынамыз, ол құжаттардың ықтималды жойылу күні, мұрағаттағы құжаттардың тізімдемесі жүргізу, сондай-ақ тағы басқасы секілді маңызды ілімдер береді.

3.

Құжаттарды жоюға арналған контейнерлерді орнату
Кездейсоқ басып шығарылған құжаттар, шимай қағаздар, шарттардың аралық редакциясы, редакциялық құжаттар және құжаттардың айналымы сызбасы бойынша жою қажет болатын басқа да құжаттар үшін –кеңсеңізге құжаттарды жоюға арналған арнайы контейнерлерді орнатыңыз да, қызметкерлеріңізге барлық аралық құжаттарды контейнерлерге тастауды үйретіңіз.

4.

е-Мұрағатты қосып алыңыз
Мұрағатта сақтаулы тұрған құжаттармен жұмыс істеу үшін е-Мұрағат заманауи жүйесін - құжаттардың электрондық мұрағатын пайдаланыңыз. е-Мұрағат қағаз құжаттардың скан-көшірмелеріне жылдам және қауіпсіз қолжетімділікті береді және қызметкерлердің құжаттарға қолжетімділігін нақты шектеуге мүмкіндік береді.

5.

Қағаз құжаттарды басқарыңыз
Мұрағаттағы барлық сақтау бірліктері бірегей штрихкодтың көмегімен тіркелген. Егер сізге Мұрағаттан қандай да бір құжат түпнұсқасында қажет болатын болса, сіз оңай түрде i-Мұрағат жүйесі арқылы оның жеткізілуіне тапсырыс бересіз. Осылайша, сіз құжаттардың жаңа көлемін ОСГ-ға сақтауға беріп, басқа да мұрағаттық қызметтерге тапсырыс жасай аласыз.

6.

Құжаттарды құпия түрде жою
Сіз құжаттарды мұрағаттық өңдеу нәтижесінде алған құжаттар тізімдемесінен құжаттарды жоюға болатын күнді көре аласыз және олардың қауіпсіздігі жайында қам жемеуіңізге, сондай-ақ сақтау үшін төлеуді тоқтатуыңызға болады. ОСГ-ға мұрағаттық құжаттарды жоюға тапсырыс беріңіз де, белгіленген үлгідегі құжаттарды жою туралы актіні алыңыз.
Сұратуды бүгін жасаңыз

ОСГ ақпараттарын қорғау бағдарламасы жөніндегі пайдалы сілтемелер

ОСГ сайты келушілерге құжаттар мен ақпараттарды басқару мәселелерін түпкілікті зерттеу мүмкіндігін ұсынады. Сілтемелерді пайдаланыңыз немесе біздің Басшылық және нұсқаулық бөліміне кіріңіз.

Компания тарихы

ОСГ-ға бүгін хабарласыңыз

Өз арманыңызды іске асырыңыз! Консультантқа қоңырау соғыңыз: +7 701 506 90 94

Рахмет! Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді. Біз сізге жақын арада жауап береміз.
ОСГ Рекордз Менеджмент +7 701 506 90 94.