050051, Қазақстан Республикасы, Алматы, Самал-2, 105-үй, 4-кеңсе +7 (775) 007 48 55

Жиі қойылатын сұрақтар

С?

Менің офисімнен ОСГ мұрағатына жаңа құжаттарды тасуға қалай тапсырыс беруге болады?

Ж.

і-Мұрағаттағы өзіңіздің есептік жазбаңызға және «Заказ» қосымшасы терезесінің сол жақтағы бөлігіне кіріңіз де, «Начать работу» басыңыз. "Добавить единицы хранения в Корзину" бөліміндегі "Единицы количеством" қосу функциясын таңдаңыз. Сіздің алдыңызда бірліктерді ОСГ Мұрағатына сақтау үшін тасуға тапсырыс үлгісі болады. Тізімнің ең жоғарғы жағынан "Отправка единиц хранения в ОСГ. Курьерская служба ОСГ" таңдаңыз. Қалған алаңда нақты қандай құжаттар бар мұрағаттық бірліктерді - қорапты, файлдық папкаларды немесе магниттік тасымалдағыштарды ОСГ Мұрағатына сақтауға жібергіңіз келетінін көрсетіңіз және әрқайсысының мөлшерін көрсетіңіз. Егер сіз нақты мөлшерін білмесеңіз, шамамен көрсетіңіз және тиісті түсіндірме жазыңыз. "Добавить в корзину" кнопкасын басыңыз, байланыс деректерді көрсетіңіз және өзіңіздің тапсырысты растаңыз. Сіздің алдыңызда сіздің тапсырыстың қорытындысы бар бет болады. Бұл біздің сіздің тапсырысты алғанымызды білдіреді. Рахмет!

С?

Тапсырысты қалай жасауға болады?

Ж.

Тапсырысты жасау үшін і-Мұрағаттағы өзіңіздің есептік жазбаңызға кіріңіз. і-Мұрағатта сіз ОСГ-ның кез-келген мұрағаттық қызметтеріне тапсырыс ресімдей аласыз. Тапсырысты ресімдеуді еске түсіруге мына жерден қараңыз.

С?

Құжаттарды жою қалай өтеді және сіз жоюды растауға қандай құжаттарды бересіз?

Ж.

Құжаттарды құпия түрде жою үшін біз арнайы шредерді пайдаланамыз, олар құжаттарды қалпына келтіру мүмкіндігінсіз ұсақтайды. Жоюды растауға сіз ақпарат тасымалдағыштарды құпия түрде жою туралы белгіленген үлгідегі актіні аласыз. Акті біздің және сіздің тараптың мөрі мен қолтаңбасы бар екі данада жасалады. Дербес деректер мен коммерциялық ақпараттар бар барлық құжаттарды құпия түрде жою қажет.

С?

Құжаттарды қашан жоюға болады?

Ж.

Белгілі құжаттар үшін Мұрағат ісі туралы заңмен белгіленген сақтаудың міндетті мерзімдері бар. Сақтаудың бүкіл мерзімінің бойында құжаттар Мұрағатта болуы және сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін құпия түрде жойылуы тиіс. Сақтау мерзімі белгіленген құжаттар жоярдың алдында құндылықты сараптау рәсімінен өтуі тиіс, оның нәтижесінде жоюға бөлінген құжаттар тізімі жасалады.
Сіздің құжаттарыңыздың құндылығын сараптауға ОСГ-ға қазір тапсырыс беріңіз және сақтау мерзімі аяқталған құжаттарды құпия түрде жойыңыз: +7 701 506 90 94

С?

Сіздерде қойма көп, нақты менің құжаттарымның қайда екендігін, қойманың мекен-жайын қалай білуге болады?

Ж.

Мекен-жайлардың толық тізімі Контактілер. бетінде болады. Егер сізге сіздің компанияңыздың құжаттарының сақталған мекен-жайы қажет болса, +7 701 506 90 94 телефоны бойынша Клиенттерді қолдау Федералдық қызметіне хабарласыңыз немесе кері байланыс үлгісі арқылы өз сұрағыңызды қойыңыз.

С?

Сіздер құжаттарды тасу немесе жеткізу бойынша тапсырыстарды қаншалықты тез орындайсыздар?

Ж.

Стандартты тапсырыс келесі күні сағат 17:00-ге дейін орындалады. 11:00-ге дейін ресімделген шұғыл тапсырыс тапсырыс күні 18:00-ге дейін орындалады. 11:00-ден кейін ресімделген шұғыл тапсырыс келесі күні 12:00-ге дейін орындалады.

С?

Сіздер бір ретте қандай құжаттар көлемін тасымалдай және жеткізе аласыздар?

Ж.

Сіздердің тапсырыстарыңыз бойынша біз құжаттардың кез-келген көлемін ауыстыра аламыз. Құжаттарды стандартты ауыстыру – бұл 75 мұрағаттық қорапқа дейін ауыстыруға тапсырыс. Егер сіздің құжаттарыңыздың көлемі көп болса, мұны сіздің тапсырысты орындау үшін тура келетін автомобильді жоспарлау үшін өз тапсырыңызды ресімдеген кезде көрсетіңіз.

С?

і-Мұрағатта және е-Мұрағатта жұмыс істеу үшін жаңа қызметкерді қалай авторландыру керек? Жаңа бөлімді қалай құруға болады?

Ж.

і-Мұрағаттың жаңа пайдаланушысын авторландыру үшін сіздің ОСГ-мен жасаған шарттың бір бөлігі болып табылатын Рұқсат етілген қолжетімділік формулярын толтырыңыз. Формулярға жазылған деректер і-Мұрағатта сіздің есептік жазбаңызды жасау үшін пайдаланылады.

С?

Шот қалай қалыптастырылады?

Ж.

Барлық шоттар автоматты қойылады. Сіз і-Мұрағат жүйесі арқылы өзіңізге қажетті қызметке тапсырыс бересіз және сіз тапсырыс берген қызмет негізінде шот қалыптастырылады.

С?

Құжаттар жоғалған кездегі өтемақы қандай?

Ж.

Сіздердің ақпарат тасымалдағыштарыңызды сіздердің офистеріңізден мұрағаттық қоймаға немесе деректерді өңдеу орталығына дейін ауыстырғанда, біз әрбір бірлікті ауыстыру туралы деректерді бақылаймыз, тіркейміз және сақтаймыз, сіздер сол уақыт кезеңінде олардың қайда екенін нақты біле аласыздар. Сенім білдірілген 50 жылда ОСГ құжаттары мен электронды деректері сақтаулы күйінде келеді. Біз сондай-ақ біздің клиенттердің тыныштығы үшін өзіміздің азаматтық және кәсіби жауапкершілігімізді 400 млн. рубльге сақтандырдық.

С?

Сіздер құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру туралы анықтама бере аласыздар ма?

Ж.

Мұндай анықтаманы тек мемлекеттік мұрағат қана беруге құқылы. Біз сіздердің құжаттарыңызды Мұрағат туралы заңнама талап еткендей, біз құжаттарды мемлекеттік сақтауға беруге дайындаймыз және оларды мемлекеттік сақтауға береміз.

С?

ОСГ ұсақ компаниялармен жұмыс істей ме?

Ж.

Біз барлық көлемдегі компаниялармен және бизнестің барлық саласымен жұмыс істейміз. Сіздердің құжаттарыңыз сенімді сақталады және сіздердің бизнестеріңіздің көлеміне қарамастан, кәсіби өңделеді.

С?

Сіздерде құжаттарды мұрағаттық қызметтерді басқа жеткізушілерден беретін команияларға жеңілдіктер бар ма?

Ж.

Біз басқа мұрағаттық компаниямен шартты бұзу, әдетте, қосымша шығындармен байланысты болатын фактілерді ескереміз. Сондықтан да біз егер сіздің компания құжаттардың барлық көлемін ОСГ-ға сақтауға аударуға ниетті болса, жеңілдіктер ұсынамыз.

С?

Менде тағы бір сұрақ бар. Оны кімге қоюға болады?

Ж.

Қызметтер көрсетудің үздік сапасы үшін біз +7 701 506 90 94 бірыңғай тегін телефон нөмірі бар клиенттерді қолдаудың бірыңғай Федералдық қызметін құрдық, мұнда сіздерге Мәскеу уақыты бойынша 5:00 бастап 19:00 дейін жауап береді.

Бейне, нұсқаулар, кейстер

Жауап таппадыңыз ба? Сұрағыңызды қойыңыз!

Өз арманыңызды іске асырыңыз! Консультантқа қоңырау соғыңыз: +7 (775) 007 48 55

    Рахмет! Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді. Біз сізге жақын арада жауап береміз.
    ОСГ Рекордз Менеджмент +7 (775) 007 48 55.