Бухгалтерлік құжаттарды жою
Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу — кез-келген компанияның аса маңызды бизнес-процестерінің бірі. Бухгалтерлік бөлімге күн сайын әртүрлі типтегі құжаттар келіп түседі. Алайда құжаттарды сақтау және жою мәселелері бухгалтерия қызметкерлері үшін бейінді болып табылмайды. Бухгалтерлік бөлімнің құжаттары мұрағатымен жұмыс — жеке, күрделі міндеттер тобы. Оның ауқымы келіп түсетін құжаттардың көлемімен де, бухгалтерлік құжаттарды жою қашан және қалай жүргізілуі тиіс екендігі тұрғысынан алғанда заңнама талаптарымен де негізделінген.
Сақтау мерзімі өтіп кеткен бухгалтерлік құжаттарды жою нормативтік-құқықтық актілерді білуді талап етеді. Бухгалтерлік құжаттарды сақтау және жою туралы негізгі заңнамалық база екі заңнамалық актімен сипатталады:
- "Бухгалтерлік есеп туралы" N 129 Федералдық заң. Ұйымдарды бухгалтерлік құжатты мемлекеттік мұрағат ісін ұйымдастыру ережелеріне сәйкес бекітілетін мерзім ішінде сақтауға міндеттейді, алайда бұл ретте ең төменгі сақтау мерзімі бес жылдан кем бола алмайды.
- "Ресей Федерациясының Салық кодексі" салық төлеушілерге бухгалтерлік және салық есептері деректерінің, салықтарды есептеу және төлеу үшін қажетті өзге де құжаттардың, соның ішінде табыстардың алынуын, шығындардың жүзеге асырылуын (ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер үшін), сондай-ақ егер осы Кодекспен өзгеше көзделмесе салықтардың (ұстап қалулар) төленуін растайтын құжаттардың төрт жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуді бұйырады.
Жиі қойылатын жеке сұрақ — бастапқы құжаттарды жою. Компания жүргізетін кез-келген операция бухгалтерияны жүргізу барысында бастапқы есеп үшін қызмет ететін растау құжаттарымен ілесіп жүреді. Сәйкесінше, мұндай құжаттың көлемі үлкен және олардың уақытылы жойылуын бұзу — ретсіздіктің орын алуымен және бухгалтерлік мұрағаттың шамадан артық жүктелуімен қолайсыз. Сақтау мерзімі өткен барлық бастапқы құжаттарды уақтылы жойып отыру маңызды!
Бухгалтерлік құжаттарды уақытылы жоймаудың қауіптілігі
Мемлекет қандай да бір құжаттың қанша уақыт сақталуы тиіс екендігінің ең көп мерзімдерін реттемеген. Тек ең төменгі сақтау мерзімдері айтылады. Жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды жою туралы ақырғы шешімді компания басшылығы қабылдайды. Егер сақтау мерзімі өтіп кеткен бухгалтерлік құжат әлі де болса қандай да бір қаржылық операцияларды растау үшін жарамды бола алса, оны i-Мұрағатта сақтап қойған ыңғайлы. Осылайша құжат кепілді түрде сақталады және кез-келген уақытта жұмыс үшін қол жетімді болады.
Бухгалтерлік мұрағатты жою барысындағы аусторсинг — ОСГ-ның барлық бизнес саласындағы құрылымдық бөлімшелердің құжаттарымен жұмыс жөніндегі кешенді бағдарламасының бір бөлігі.
Электрондық форматтағы деректерді жою деректердің ақпараттық тасымалдағыштан қайта қалпына келмейтіндей жойылуын қамтамасыз ететін арнайы құралдарды қолдана отырып жүргізіледі.
Бухгалтерлік және салық құжаттары Жеке деректер көзі бола алады! Бұл жағдайда, оларды сақтау және жою Жеке деректермен жұмыс жөніндегі заңнаманың талаптарымен реттелген. Кадрлық құжаттарды жою — жоғары білікті орындаушыларды талап ететін күрделі, әрі көп сатылы процесс.
ОСГ клиенттерінің бухгалтерлік құжаттарды жою барысындағы басымдылықтары:
- Бухгалтерия қызметкерлері құжаттарды өңдеу бойынша бейінсіз қызметтерден босатылады
- Қолданыстағы заңнаманы бұзу, құжаттарды бұрыс жою қауіп-қатері болмайды
- Құжаттарды өңдеудің және жоюдың жеделдігі.
Бухгалтерлык құжаттар қалай жойылады
1.
Құжаттардың құндылығы сараптамасы
2.
Құжаттарды жою
3.
Актіні ұсыну
4.
Кеңсені қамтамасыз ету
5.
Экоменеджмент сертификатын алу
6.
Құжаттарды мұрағаттан жою
Бухгалтерлік құжаттарды жою жөніндегі пайдалы сілтемелер
ОСГ-ға бүгін хабарласыңыз
Өз арманыңызды іске асырыңыз! Консультантқа қоңырау соғыңыз: