Ақпаратты қорғау жөніндегі бағдарлама сізге ақпараттың құпиялылығын, бүтіндігін және жоғары қауіпсіздік жағдайында қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Ақпаратты қорғау жөніндегі бағдарламаның қалай жұмыс жасайтындығын беттің төменгі жағынан адымдап оқып шығыңыз.
Ұйымның ақпараттық қауіпсіздігі
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты: ақпараттық қауіпсіздік қауіп-қатерлерін жүзеге асырудан, деректерді жоғалтудан немесе ашудан, деректерді уақытынан тыс, жоспарсыз немесе заңсыз жоюдан не жойып жіберуден болатын залалды азайту, сондай-ақ ұйымның іскерлік беделі мен корпоративтік мәдениетін жақсарту бола алады.
Ұйымның сенімді ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тармақтарының бірі — компанияның ақпараттық қауіпсіздігі ұйымның әрбір қызметкерінің басты принциптерінің бірі болып табылатындай жұмыс процесін жасау. Қызметкерлерге жұмысында компанияның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орнатылған және күйге келтірілген, компанияның техникалық және материалдық жабдықтауларын жүйелі түрде пайдалануды үйрету оған қол жеткізуге көмектеседі.
Ақпараттың жайылуының кең таралған арналары
Егер қасақаналық пенен корпоративтік тыңшылықты алып тастасақ, ақпараттың жайылып кетуінің осал арналары: қызметкерлерің құжаттарды электрондық пошта арқылы сыртқы домендерге жіберуі және қағаз құжаттарды дұрыс пайдаланбауы болып табылады.
Біз сізге е-Мұрағаттың — электрондық құжаттарды басқару жөніндегі кәсіби жүйенің көмегі арқылы электрондық құжаттармен қауіпсіз жұмыс жасау әдістерін; және де қағаз құжаттармен қауіпсіз жұмыс жасау, сондай-ақ оларды құпия түрде жою бойынша қызметтер ұсынамыз.
«Ақпарат, ақпараттық технологиялар туралы және ақпаратты қорғау туралы" №149 ақпаратты қорғау туралы ФЗ ұйымдарға ақпаратты, соның ішінде жеке деректерді қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндеттейді. Заңнаманы ұстану және өзіңді заңмен жағымсыз талқылаулардан, сондай-ақ ықтимал қаржылық шығындардан және беделді жоғалтудан қорғау үшін ОСГ-ның қағаз және электронды құжаттармен жұмыс жөніндегі сенімді шешімдерін пайдаланыңыз.
Ақпараттарды қорғау жөніндегі бағдарлама
Құжаттар – бизнестің негізгі құраушысы. Компанияны ақпаратының жария болуынан қауіпсіздендіру үшін
- құжаттардың ұйым ішінде қозғалысының сенімді жүйесін жасау
- ұйымның Мұрағатында қағаз құжаттардың сенімді және қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету
- оларды сақтау мерзімі ішінде құжаттарға шектеулі, қорғалған және бақыланатын қол жетімділікті ұсыну
- заңнамамен белгіленген сақтау мерзімінің аяқталуына қарай қағаз құжаттардың құпия түрде және қайта қалпына келмейтіндей етіп жойылуына кепілдік беру қажет.
Сіз үшін осы міндеттердің дайын шешімдері бар. ДОУ департаментінің мамандары құжаттарды тіркеу және индекстеу, құжаттарды компанияның ішінде маршруттау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді, олармен жұмыс жасай отырып, сіз құжат мұрағатқа берілгенге дейін онымен кімнің және қашан жұмыс жасағанын нақты білетін боласыз.
Құжаттарды бүкіл Ресей бойынша ОСГ Мұрағаттарында сақтау сіздің құжаттарыңызды сенімді қорғайды, және сіздің ақпараттыңызды құпия түрде сақтайды, құжаттарыңызды физикалық қорғайды және сізге кез-келген мөлшердегі құжаттарды оңай, әрі қауіпсіз басқаруға мүмкіндік береді.
Құжаттармен жұмыс жасау үшін біз сізге арнап е-Мұрағатты — электрондық құжаттарды басқару жөніндегі заманауи және кәсіби жүйені жасаймыз. е-Мұрағатқа қолжетімділік заманауи аппараттық әдістермен және құралдарымен қорғалған, деректер Ресейдегі бөлініп қойылған серверлерде сақталады — толық қауіпсіздік пен заңдарға сәйкес келушілік.
Құжаттарды құпия түрде жою заң бойынша сақтау мерзімі өтіп кеткен құжаттарға қолданылады. ОСГ құжаттардың арнайы өнеркәсіптік шредерде, 3 және сіздің құжаттарыңыздың типіне қарай одан жоғары деңгейде жойылуын қамтамасыз етеді.
Конфиденциальное уничтожение документов
Компанияның барлық құжаттары құпия болып табылады, өйткен олар корпоративтік ақпараттарды қамтиды. Мұндай ақпараттың жария болуы компанияға айтарлықтай беделдік және қаржылық залалдар әкелуі мүмкін. Сондықтан құжаттарды жойып жіберудің ең үздік шешімі — ОСГ-да құжатарды құпия түрде жою қызметі болып табылады.
Құжаттарды құпия түрде жою қызметінің артықшылықтары
Тіпті кеңселік қағаз жойғыштардың өзі сізді қызметкердің құжатты жәшікке салғырт тастай салуы қауіп-қатерінен құтқармайды. Кеңселік шредер қымбат тұрады, көп шу шығарады, үнемі тазалап отыруды қажет етеді, жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетуді талап етеді.
Құжаттарды макулатураға сату — құжаттарды жойып жіберудің ең қауіпті әдістерінің бірі болып табылады, өйткені бұл әдіс барысында құжаттар шредирленбейді, тек қана төрт бөлікке кесіледі. Құжаттарды макулатура ретінде сатып алатын мердігер деректердің құпиялылығы үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды және құжаттардың толық жойылуына кепілдік бермейді. Құжаттарды макулатураға сата отырып, сіз өзіңізді және ұйымды ақпараттың таралып кетуі қауіп-қатеріне, №152 «Жеке деректер туралы» ФЗ және №149 «Ақпарат, ақпараттық технологиялар туралы және ақпаратты қорғау туралы» бұзылуына ұшыратасыз.
Сіздің деректеріңіздің абсолютті құпиялылығына сенімді болыңыз — құжаттарды жою барысында өзіңіз қатысу үшін ОСГ Рекордз Менеджмент құжаттарды жою орталығына ОСГ барып көріңіз. Сіз сондай-ақ құжаттарды жоюдың бейнежазбасына тапсырыс бере аласыз.
ОСГ-да ақпараттарды қорғау жөніндегі бағдарлама. Ол қалай жұмыс істейді?
1.
Құжаттарды маршруттауды күйге келтіру
2.
Құжаттарды мұрағаттық сақтауға беру
3.
Құжаттарды жоюға арналған контейнерлерді орнату
4.
е-Мұрағатты қосып алыңыз
5.
Қағаз құжаттарды басқарыңыз
6.
Құжаттарды құпия түрде жою
ОСГ ақпараттарын қорғау бағдарламасы жөніндегі пайдалы сілтемелер
ОСГ-ға бүгін хабарласыңыз
Өз арманыңызды іске асырыңыз! Консультантқа қоңырау соғыңыз: