2016 жылғы 23-ші маусымда ОСГ Рекордс Менеджмент компания клиенттері үшін таңғы ас бизнесін өткізді. 30 қонақтың көпшілігі – қазақстандық бизнес жетекшілерінің өкілдері – ОСГ Қазақстан топ-менеджментімен бірге – Алматының көгілдір аспан астына жиналды.
Өзінің құттықтау сөзінде ОСГ Қазақстан Бас Менеджері — Михаил Бетин ОСГ клиенттеріне ұзақ жыл қолдағандары үшін алғыс білдірді. Ол сондай-ақ мұрағат жүргізу және жалпы құжаттама саласындағы жаңа идеялармен және жаңалықтармен бөлісті. Біздің уақытымыздағы электронды мұрағаттың өзектілігі, мұрағатты жүйелеу мен оларды қауіпсіз сақтау сияқты маңызды тақырыптар да қозғалды.
Қысқа фильм қонақтарға ОСГ-мен ынтымақтастықтан кейін клиенттер өмірінің қалай өзгергені және жыл өткен сайын Қазақстандағы бизнестің барлық салалары көшбасшыларының сенімді серіктес ретінде неге ОСГ-ны таңдайтыны туралы әңгімелеп берді.